Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

0 253

Жамбыл облысында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Облыс орталығынан бөлек барлық қала, аудандарда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көктем мерекесі лайықты түрде атап өтілуде.

Амал мерекесіне орай бүгін А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Төрткүл ханзадасы» ертегісі және «Наурыз-думан» балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.

Ақын Сәнтөре Пірмановтың тарихи аңыз негізінде саханаланған «Төрткүл ханзадасы» ертегісінде қазіргі Тараз қаласының аумағында орналасқан «Төрткүл» көне қалашығында болған оқиға баяндалады. Оқиғада ел билеушісі – Ханның ұлы – ханзаданың ел басқаруды қолына алғандағы және өзіне жар таңдаудағы дүйім жұртты таң қалдырған тапқырлығы, ақыл-парасаты ұтымды суреттеледі.

Ертегі-қойылым жас көрермендер мен бүлдіршіндерді туған елі мен жерін, отанды  сүюге тәрбиелеп, ата-баба аманатына берік болуға шақырады.

Бұдан соң қойылымнан әдемі әсер алған балаларға «Наурыз думан» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мұнда Қыдыр ата, Ұмай ана, Наурызбек, Күн, Түн, Ақпан-Тоқпан кейіпкерлері кішкентай көрермендердің көңілін баурап, табиғаттың тамаша көріністерімен қызықтырды.

Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.

Наурыз мерекесіне арналған түрлі деңгейде шараларды ұйымдастыру қала, аудандарда да жалғасуда.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.