Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда тағы 26 адам ұсталды

0 259
Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалуда.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіленді.
Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2 мыңға жуық. Бүгінде олардың 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.
Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.
Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.