Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда науқастардың диагнозын жасанды интеллект қояды

0 381

Жамбыл облысында цифрлық жүйе сәулелік диагностика саласында кеңінен қолданылмақ.

Нәтижесінде, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, рентгенография, флюорографияға түскен адамның диагнозы дәрігерге бармай-ақ екі минутта дайын болады. Жүйе 95 пайызға дейін нақты шешім шығарады.
Жоба жыл соңына дейін жүзеге асады. Ол үшін облыстық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға аймақтағы 392 медициналық мекемеге жоғары жылдамдықты интернет қосылып, ортақ сервер орнатылады. Соның нәтижесінде алыс аудандардағы науқас диагнозын облыстық аурухана немесе ұлттық ғылыми медицина орталығының дәрігерлері көре алады.
Жалпы, мұндай тәжірибе Түркия, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапонияда кеңінен қолданысқа енген.
– Жобаның арқасында бір күнде тексеруден өтетін азаматтардың және жасалатын кескіннің саны көбейеді. Флюорографиядан, рентгенографиядан өткен азаматтардың өкпе қатерлі ісігінің немесе басқа да қатерлі ісіктерге шалдыққаны КТ, МРТ нәтижесінде анықталады. Бірақ көбіне аурудың бастапқы кезеңінде оларды анықтау мүмкін емес. Мұндай кезеңде дәрігерлер де нақты диагноз қоя алмай жатады. Сондықтан, бұл – дәрігерлер үшін үлкен көмек, – деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев.

«JT-aқпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.