Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды

0 410

Жамбыл облысында Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері  7 қаңтарда Қордай ауданында Алматы-Ташкент тас жолындағы блокбекетте мемлекеттік номерсіз жүрген Subaru Forester автокөлігін тоқтатқан. Көліктің ішін тінту барысында 12 калибрлі 10 мылтық, 1 пневматикалық тапанша және жүксалғыштан аңшылыққа арналған құралдар анықталған.

«Тергеу барысында 24 жастағы автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушының Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонауға қатысы бар екені анықталып, қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.