Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда 9 ауыл көгілдір отынмен қамтылады

0 186

  Жамбыл ауданындағы 42 елді мекеннің 33-і табиғи отынның қызығын көруде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қалған Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ, Шайдана, Өрнек, Ерназар, Жұма, Көлқайнар ауылдарына газ құбыры жеткізіліп, ауылішілік көшелерге дейін тартылғанымен, іске қосылмаған. Бұл ауылдарды табиғи газбен қамту үшін қосылу нүктесіне дейін 4,7 шақырым газ құбырын жүргізу қажет.


Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 363 млн теңге қаралған. Бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары жаз айында аяқталса, Жамбыл ауданында 9 ауыл бір мезетте «көгілдір отынға» қол жеткізбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.