Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда 700-ге жуық азамат қан тапсырды

0 335
Жамбыл облысы Тараз қаласының қан орталығында «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Оған Жамбыл облысы ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
– Бүкіл ел үшін осындай қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымды білдіремін. ҚХА әр түрлі төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша әрдайым алдыңғы қатарды бастап тұр, – деді акция барысында ҚХА мүшесі, қан орталығының директоры Гулам Умаров.
Айта кету керек, қан орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңғы күндері қан орталығына 700-ге жуық адам келген.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.