Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл жастары бүлінген ғимараттарды қалыпқа келтіруге ат салысып жүр

0 155
Тараз қаласындағы ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына еріктілер де атсалысып жатыр.
«Nur Otan» партиясының ғимараты еліміздегі қаңтар оқиғасы кезінде ең көп зардап шеккен ғимараттардың бірі болды. Онда қазір күрделі жөндеу жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарына жасотандық жастар да атсалысып, ғимараттың айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсетіп қайтты.
Сонымен қатар бүгін облыс әкімшілігінің ғимараты мен партия ғимаратын жөндеп жатқан 300 жұмысшыға және блок бекетте тұрған құқық қорғау қызметкерлеріне облыстық мәслихаттың депутаты Бейбіт Ыстыбаев пен блогерлер түскі ас ұйымдастырып, игі істің қостаушысы болды. Партия ғимаратын қалыпқа келтіруші жұмысшыларына ерікті қыздарымыз ұйымдасқан түрде ыстық асты ұсынып қызмет етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.