Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл – тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке

0 140

Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз дағдарыстан дамуға бет түзеп, әлемдегі әлеуеті үлкен 50 елдің қатарынан орын алды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаев салып кеткен сара жолды Мем­лекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенімді түрде жалғастырып келеді.

Жүйелі жүргізілген реформалардың нәтижесінде іргесі берік, берекесі тасыған айбынды елге айналдық. Жер жүзіне жігерімізді танытып, көк жүзінде қырандай қанат қомдаған жас мемлекетімізде «Nur Otan» партиясы ұзақмерзімді даму стратегиясын іске асырудың саяси кепілі болып келеді.

Халықтың аманатын арқалаған партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынған жарқын жобалар жемісін беріп, халқымыз шарапатын сезінуде.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол карталарында жалпы 1 073 көрсеткіш енгізіліп, 9 айдың қорытындысымен 34% орын­далды. Қалған көрсеткіштер кезең-кезеңмен іске асатын болады.

Есепті кезеңде аталған мәселелер партия филиалдары жа­нынан жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің 185 отырысында, сонымен бірге 65 саяси кеңес бюросы мен фракцияда талқыланды.

Жамбыл облысында партияның қолдауымен көптеген өзекті мәселе шешімін тауып, өңір дамуына оң серпіліс тудырып келеді.

Экономиканың барлық саласында оң динамика сақталды

Осы жылдың 9 айында эконо­микалық өсім 4,6 пайызды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құ­­рылыс, көлік, сауда, байланыс, са­­­лық­­тық түсім, жалақы, бюджет кі­рісі арт­ты. Жыл басынан 267 мил­лиард тең­ге инвестиция тартылып, 11 па­йызға ұлғайды. Ал инфляция деңгейі 106,5 пайызды, жұмыс­сыз­дық дең­гейі 4,9 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісі 5,5 пайызға артты.

2025 жылға дейін 2,5 триллион теңгені құрайтын 107 инвести­ция­лық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде биыл 171 миллиард теңгеге 31 жобаны жүзеге асыру жос­парланып, бүгінде дейін 78,2 миллиард теңгеге 13 жоба іске асты.

Облыста баламалы электр қуа­тын өндіретін 17 жоба жұмыс іс­тейді. Бүгінге «Тасөткел-2» күн электр стансасы және Жаңатас жел электр стансасы пайдалануға бе­рілді. Осылайша, облыста жалпы қуаттылық 387,6 МВт-ты құрамақ.

«Қарапайым заттар эконо­ми­касы» аясында да 74,9 миллиард тең­геге 177 жоба мақұлданып, 56 мил­­ли­ард теңгеге 175 жоба несие­лендірілді.

диаграмма

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлер санын ұлғайту және олардың биз­нес жүргізуіне жағдай жасау бо­йынша берген тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпкерлерге жалпы 8,1 миллиард теңге шағын несие қаралып, соның 7,9 миллиард теңгесі игерілген.

Асыраушы сала алшаң басып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейді

Есепті мерзімде жұмыссыздық бойынша бірқатар түйткілдің түйіні тарқатылды. Айталық, «Еңбек» бағ­дарламасы аясында 1 008 кәсіпкерге 4,1 миллиард теңгеге шағын несие берілсе, 3 797 адам 2,2 миллиард теңгеге қайтарымсыз грант алды.

«Жұмыспен қамтудың Жол кар­тасы» шеңберінде де кәсіпкерлік бас­тамаларды іске асыруға 1,9 мил­лиард теңге шағын несие қаралды.

«Бизнестің Жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсіпкер­лердің несиесін ішінара кепілден­діруге 2,2 миллиард теңге қаражат бөлініп, жалпы кепілдік сомасы 6,7 миллиард теңгені құрайтын 1 003 жо­ба кепілдендірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге артық орындалып отыр. Па­йыз­дық мөлшерлемесін субсидия­лауға да 5,2 миллиард теңге беріліп, жалпы 14,6 миллиард теңгеге 1 099 жоба несиелендіріліп, 3,9 есеге ұлғайды.

Ал «Өндірістік инфрақұры­лым­ды дамыту» тетігі бойынша 15 кә­сіпкерге инфрақұрылым жүргізуге 2,7 миллиард теңге бөлінді.

Бағдарламаны іске асыру нәти­жесінде 16 423 жұмыс орны сақта­лып, 5 724 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Бұдан басқа, ШОБ субъектілері саны 71,5 мыңға жетіп,14,5 пайызға өсті. Онда 123,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, көлемі 18,7 пайызға артып, 246,3 миллиард теңгені құрады.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл ба­ғыт­та жүйелі жұмыстар жолға қойылды.

Жыл ішінде азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және азық-тү­лік өнімдерінің импортын ал­мас­тыру мақсатында агроөнеркә­сіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар саланы дамытуға 19,4 миллиард теңге суб­си­­дия қаралып, 13,7 мил­лиард тең­гесі игерілді. Мемлекеттік қолдау­лар нә­тижесінде өнім көлемі 309,1 мил­лиард теңгені құрап, 100,2 па­йызға жетіп отыр. Ал алға қо­йылған жоспар – өнім көлемін 414 мил­лиард теңгеге жеткізіп, ауыл шаруа­шы­лы­ғына 31 миллиард тең­геге ин­­­вес­тиция тарту. Осының не­гізін­де 2025 жылға дейін 350,4 мил­лиард теңгені құрайтын 50 ин­вестициялық жоба іске асырылып, 3,6 мың жұ­мыс орны құрылады. Мәселен, биыл­ға 19,2 миллиард теңгеге 18 жоба жос­парланса, бү­гінде соның 7,9 мил­лиард теңгесіне 13 жоба іске асты.

Сонымен қатар егістік алқабы 752 мың гектарға жетіп, өткен жыл­дан 30,3 мың гектарға артты. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 179,8 мың гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясы 40 мың гектарға жеткізілді.

Мал азығын дайындау жұмыс­тары да қызу жүргізілуде. Жос­пар­дағы 1,7 миллион тонна пішен толық дайындалды.

Мал шаруашылығында 4,2 мың тонна ет экспортталды. Сондай-ақ жыл соңына дейін ауыл шаруа­шы­лығы техни­касы 10 пайызға жа­ңартылады.

Есепті кезеңде 363 тонна балық өсірілді, оның 200 тоннасы форель балығы. Сонымен қатар жоспар­­лан­­ған 500 тонна балдың 332,8 тон­­насы өндірілді. Облыста 32 әлеу­­меттік павильон ашылып, қо­сым­ша 4 павильон ашу жоспарланған.

Өткен жылдан бері «Тасөткел» су қоймасы қалпына келтіріліп жа­тыр. Бұған қоса, «Ақмола», «Ыр­ғай­ты», «Қалғұты», «Тескентоған», «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» сын­ды 7 су қоймасын салу көзделген.

Баспана бақытына кенелгендердің қатары артты

Тұрғындарды баспанамен қам­туға басымдық беріліп келеді. Сон­дықтан да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 11 пайызға артты. Ал жылдық жоспар 651 мың шаршы метрді көздеп отыр. Қазір 4 482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 2 902 пәтерлі 50 үйі тапсы­рылады. Ал Тараз қаласында 1 526 пәтерлі 27 үй пайдалануға берілсе, 1 685 отбасына 8,2 миллиард теңгеге «2-10-20» «Бақытты отбасы», «5-20-25» «Нұрлы жер», «5-10-20» «Ша­ңырақ», «7-20-25» бағдарламалары бойынша пәтер алуға жеңілдетілген несие рәсімделді.

Анаға тағзым

Президентіміздің тапсыр­ма­сымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға 15,9 мың облыс салымшыларынан өтініш түсіп, 8,1 мың адамға 21,3 миллиард теңге арнайы шоттарына аударылды. Бұл да өз кезегінде жерлестеріміздің баспана алуына мүмкіндік берді.

Қауіпті дертпен күрес қарқынды жүргізілуде

Әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус пандемиясы экономикамызбен қатар халқымыз­дың денсаулығына үлкен нұқсан келтірді. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде індетті барынша ауыздықтай алдық. Пан­демия басталғалы облыс бойынша 20,9 мыңнан аса науқас тіркелсе, оның 20,1 мыңы айығып, 441-і ин­фекциялық стационарда ем қа­был­дады. Ал реанимациялық төсекте 44 науқас жатса, карантиндік ста­ционарға 6 адам орналастырылды. Облыстық оңалту орталығында 2 494 науқас оңалтудан өтті.

Медицина ұйымдарында ін­дет жұқтырған науқастарды емдеу үшін жалпы 4 760 төсек қоры жұмыл­ды­рылған, оның ішінде 501-і реа­ни­мациялық төсек.

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында инфекциямен күресуге жалпы 9,1 миллиард теңге бөлінді. Бүгінге қосымша 2 МРТ, 3 КТ, 2 УЗИ, 2 гемодиализ, 24 «Хайфло» аппараты, 108 дана функционалдық кереует сатып алынды. Сонымен бірге әулие­аталықтарды COVID-19 ко­ронавирус инфекциясына қарсы вакцина салумен қамту мақсатында 45 егу пункті қызмет көрсетеді. Жү­йелі жүргізілген түсіндіру жұмыс­тарының арқасында облыста 554,0 мың адам екпе алды.

Отандық фармацевтика өнер­кәсібіндегі өнім көлемі де 2,8 есеге өсті. COVID-19 коронавирус ин­фек­циясына қарсы вакцина әзір­лейтін биофармацевтикалық зауыт биыл толық іске қосылады. Бүгінде институт базасында өндірілген QazVac вакцинасының 109 180 дозасы жеткізілді.

Әлеуметтің әлеуеті артып, ел инфрақұрылым игілігін көріп келеді

2021 жылы автожол саласын да­­мытуға 12,7 миллиард теңге бө­лі­ніп, мемлекеттік бағдарламалар ая­сында 3,6 шақырым жол салын­ды. 440,7 шақырым жол орта жөн­деуден өтті. Нәтижесінде, қанағат­танарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 90 пайыздан 95 пайызға, елді мекен көшелерінің үлесі 77,2 пайыздан 79,2 пайызға жетті.

Биыл тағы 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 82,2 пайыздан 88,7 пайызға дейін артатын болады.

Ең маңызды мәселенің бірі – елді мекендерді газдандыру. Биыл 20 елді мекендегі 16 мың адам та­биғи газбен қамтылып, үлесін 83,8 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

Жамбылдағы әлеуметтік көр­сеткіштер де көңіл қуантады. Атап айтсақ, барлық мемлекеттік бағдар­лама мен жеке бастама аясында 29,7 мың жаңа жұмыс орны ашыл­ған болса, оның ішінде 16,5 мың адам тұрақты жұмыс орнына орна­ласты. Сондай-ақ жұмыспен қамту­дың белсенді шараларымен 47,4 мың­нан аса адам қамтылды. Жал­пы, осы жылы 95,4 мың адамға әлеу­меттік көмек көрсету жоспар­ланса, бүгінде 56,1 мыңы соның шара­па­тын сезінді.

дәрігерлер

Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар 1,9 мыңға азайып, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар 2,1 мың адамға кеміді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет­пен 1-6 жастағы 16,9 мың баланы қам­ту жоспарланып, 14,8 мың ба­лаға көмек берілді. Ал «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 1 191 жұмыс орнын құратын 29 жо­баны іске асыруға 9,5 миллиард тең­ге бөлініп, 723 жұмыс орны құрылды.

«Ауыл ел – бесігі» жобасымен 67 ауылдық елді мекенде 8,7 мил­лиард теңгеге 119 жоба іске асыры­луда. Соның арқасында 1 523 уа­қыт­ша жұмыс орны құрылмақ. Қа­зір 54 нысанда жұмыстар аяқта­лып, 400-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Тиісінше, мемлекеттік бағдар­ламалар және жеке бастамалар нәтижесінде орташа жалақы 25,8, табыс 17,2 пайызға артты.

Білім мен денсаулық саласына ден қойылды

Бүгінде облысымызда білім саласына да айрықша басымдық берілген. Соның жарқын дәлелі – аталған саланы қаржыландыруға 218,5 миллиард теңге қарасты­рыл­ды. Қазір аймақтағы 3-6 жас аралы­ғындағы балаларды мектепке де­йінгі ұйымдармен қамту – 100, 1-6 жастағы балғындарды – 91,5, қо­сымша білім берумен қамту 83,7 пайызға орындалды.

Президент тапсырмасының не­гізінде өңіріміздегі 44 592 педагогтің еңбекақысын 25 пайызға ұлғайтуға 35,1 миллиард теңге қарастырылса, 2022 жылы бұл 59,6 миллиард тең­геге жетпек. Сондай-ақ жыл ба­сы­нан 11,1 миллиард теңгеге 23 ны­сан­ның құрылысы басталып, жаңа оқу жылында 1 716 орындық 5 мек­теп пайдалануға берілсе, 1 380 орын­дық тағы 3 мектептің құры­лысы жыл соңына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 орын тапшылығы бар, тозығы жеткен 2 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 15 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.

Облыс орталығында тұңғыш рет «Оқушылар сарайының» құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде 13 мектеп күрделі жөндеуден өтті, 2 мектеп және 1 білім басқармасына қарасты мекеменің күрделі жөндеу жұмыс­тары жыл соңына дейін аяқталады.

Балалардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында барлық 443 мектеп бейнебақылау камералары­мен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа оқу жылына дейін 370 мектепке дабыл түймесі, 85 мек­тепке турникет орнатылады. Тараз қаласындағы 60 мектеп жедел бас­қару орталығына қосылды.

Халықтың денсаулығы қашанда маңызды орынға ие. Сондықтан өңірімізде медицина мамандарын даярлауға күш салынуда. Осы орай­да аймақта С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ Primary Health Care ұлт­тық қауымдастығымен жасалған ын­тымақтастық туралы мемо­ран­дум аясында 4 үздік тәжірибе орта­лығы құрылды.

Тұңғыш Президенттің «Қам­қорлық қоры» бастамасымен өңі­рі­мізде Жамбыл облыстық көп­бе­йін­ді балалар ауруханасы жанынан 120 төсек-орындық «Қамқорлық» оңал­ту орталығы ашылып, онда 1 352 бала ем қабылдайды.

Денсаулық сақтау саласында биыл облыстық көп­бе­йінді онко­логия және хирургия орталығының құрылысы аяқталды.

Спорт пен мәдениет – мемлекет мәйегі, туризм – экономика тірегі

Өңірде бұқаралық спортты дамытуға жалпы 11,8 миллиард теңге қарастырылды.

Бүгінде облыстағы 2 725 спорт нысанында 4 353 бірлік спорт секциясы қызмет көрсетеді. Онда 394,1 мың тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Халықтың спорттық инфрақұ­рылыммен қамтамасыз етілу дең­гейі 49,2 пайызды құрап отыр. Осы жылы құрылысы жүргізіліп жат­қан 10 денешынықтыру-сауық­тыру кешенінің 2-еуі қолданысқа беріліп, жыл соңына дейін тағы 4-еуі ашылады.

Облыс тұрғындары мен бала­лардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында Тараз қаласында демеушілер есебінен 1,5 миллиард теңгеге көркем гимнас­тика және үстел теннисі спорт кешені пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, келесі жылы 7 ДШСК құры­лысы және 1 спорт мектебін қайта жаңғырту жоспарланған.

1 мыңнан аса жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаға алынды. Бұл Қазақстан құрама командасының 10,3 пайызын құрайды.

Мәдениет саласында 139 ауыл­дық елді мекенде 208 цифрлан­ды­рылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылды. Сондай-ақ мәдениет нысандарын арттыру мақ­сатында «Ауыл – ел бесігі» ар­найы жобасы аясында 4 нысанның және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 1 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Онкология орталығы

Жуырда туризмді дамыту мақ­сатында өңірлік бағдарлама қабыл­данатын болады. Шаһар тұрғын­дарының алаңсыз демалуы үшін «Тектұрмас» этнотарихи кешені қайта қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен «Қаралма» тау-шаңғы кешені мен «Көксай» этнотарихи кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жарқын жобалар жемісі

Жамбыл облысында мемлекет­тік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды. Ел игілігіне бағытталған бастама республика бойынша әзірге Жам­был облысында жүзеге асып келеді. Соның бірі, «Жомарт түлек» жо­басы шеңберінде табысты түлек­тердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт ке­шені салынды. Алдағы уақытта та­ғы осындай 4 кешеннің, 6 ден­сау­лық сақтау ны­санының құрылысы жоспарланған. Жалпы, түлектер тарапынан 2,8 миллиард теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асып келеді.

Ал «Асар» жобасы аясында өткен жылы 103 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспа­налы болды. Биыл тағы 138 үйдің құрылысы басталып, 38-і пайда­лануға берілді.

«Таразға тарту» жобасы шең­берінде Тараз қаласы аумағында 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 36-сы қолданысқа бе­ріл­ді. Оның 15-і жеке демеушілер есе­бінен жүзеге асады. Жеке инвес­ти­ция есебінен 782 орындық 12 жа­ңа мектеп балдырғандарды қуа­нышқа кенелтсе, 80 келушіге арнал­ған ARAI емханасы жұмысын бастады.

Міне, әрдайым ілкімді істердің ұйытқысы болып жүрген «Nur Otan» партиясының қолдауымен Жамбыл жерінде осындай жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Әри­не, халық ең бірінші партиядан пәр­менді шара­лар күтеді. Бұл орай­да Әулиеатада қолға алынған жо­баның барлығы «Nur Otan» партия­сының «Өзгеріс­тер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаны анық. Сондықтан Жам­был­дағы жарқын істер мұнымен тоқтап қалмай, әлі де өз жалғасын табады.

 

Бердібек САПАРБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Жамбыл
облысы филиалының төрағасы,
Жамбыл облысының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.