Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен партиясын таратқаны үшін сотталды

0 774

Жамбыл облысында көлік полициясының қызметкерлері көлігінен 23 келіден астам кептірілген марихуана табылған азаматты ұстады.

Алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында прокурорлар сотталушының есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдаудағы кінәсін толық дәлелдей алды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот азаматты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
Бас көлік прокуратурасы аса ірі көлемде есірткі заттарын сату мақсатында таратқаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады.

Жамбыл көлік прокуратурасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.