Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында көлік жүргізушісі жылқыны қағып кетіп, өзі мерт болды

0 137

18 қазан күні Жамбыл облысындағы тас жолда жол апаты болып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат шамамен 20:45-те «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының 171-шақырымында болған. Toyota Camry маркалы көлігін 1978 жылғы Түркістан тұрғыны басқарыпты. Ол Тараздан Алматыға қарай шығыс бағытта келе жатқан. Ал Қордай ауданында жылқыны қағып кетеді. Көлік жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал Қордай аудандық орталық ауруханасына екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Автокөлік Қордайдағы мамандандырылған тұраққа қойылды. Полиция қазіргі уақытта тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Олар оқиғаның мән-жайын анықтайды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.