Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданында қоқыс қағаздарынан өнім шығарылуда

0 504

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлікке кең өріс қалыптастыру мақсатыныда Жамбыл ауданының даму жоспарында көрсетілген жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – қайта өңдеу цехі. Кәдімгі тастанды қоқыс қағаздарын да кәдеге жаратуға болатынын еңбектік кәсіпкер Дәулет Әсілтаев дәлелдеп отыр. Мектеп бітіріп, Қытай мемлекетінде білімін жетілдірген ол сондағы қайта өңдеу технологиясының қыр-сырын жетік меңгеріп, туған өлкесіне тың идеямен оралды. Бүгінде «Упакжум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәулет Үсенұлы «Аса-Тараз» бағытындағы жолдың бойында өңдеу цехын іске қосты. Құрылыс жүмыстарына шамамен 80 млн теңге қаражатын жұмсаған. Қалдық қағазды шикізатқа айналдырған шаруаның тірлігін кеше аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып көріп, цехтің жұмысымен танысты.
Серіктестік директорының жауапты өкілі Мейірбек Құрманбектің айтуынша, мұндағы технологиялар мен құрылғылар дерлік қолдан құрастырылған.


– Қытай, Тайланд мектелекеттерінде қайта өңдеу технологиясы дамыған. Шет елдердегі тиімді тәсілді жүзеге асырып, ауыл маңынан қайта өңдеу цехін аштық. Жергілікті 8 азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Цехтың жұмысы туралы айтар болсам, кез келген қоқыс қағаздары, кардон бұйымдарын арнайы сүзгіден өткізіліп, бассейіндерде жұмсартылады. Басейінде тазаланып, көбік күйге дейін әзірленеді. Мұнан соң арнайы құрылғылар арқылы қалыпқа түсіріліп, одан жұмыртқа орналастырғыш латоктар әзірленеді. Ұзындығы 80 метрге жететін релстік технологиямен 200 градустағы пеш арқылы лотоктар кептіріледі. Дайын өнім қоймадағы екі жұмысшының қолына тиген соң әр бумаға 100 латок қапталады. Жұмыс 24 сағат бойы жалғасады. Мысалға мына пештің іске қосылғанына бірнеше ай болды. Күніне аудан, қала төңірегінен шикізаттар осында жекізіледі. Қағаздың әр келісін 70 теңгеден қабылдаймыз. Тәулігіне 3 тонна қағазды кәдеге жаратып, 40 мың дана лоток шығарып отырамыз. Бүгінде шикізатты Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Талдықорған, Петропавл қалаларына жөнелтудеміз. Әр өнімнің бағасы 17 теңгеден саудаланады. Жұмысшылар жалақысы күндігіне 7-10 мың теңге аралығында. Алда цехтің жұмысын кеңейту жоспарымызда бар. Бүгінгі күнге дейін 500 тоннадантаса қоқыс қағаздары шикізатқа айналды, – дейді Мейірбек Әсілтайұлы бізбен әңгімесінде.
Жобаның жемісін көрген серіктестік жұмысына сәттілік тілеген өңір басшысы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрметілетінін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.