Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жобаларға қолдау табылады

0 401

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Тараз» ӘКК-де өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

«Shagala Mining» ЖШС өкілдері Мойынқұм ауданында мыс кенін сілтісіздендіру кәсіпорнының құрылысы бойынша жобаларын таныстырды. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 5 000 000 тонна кенді өңдеу. Шағала кен орны Қарағанды және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан.

«Talas Investment Company» ЖШС басшылығы өндіріс көлемін арттыру мақсатында екінші кешеннің құрылысын жүзеге асыруды жоспарлауда. Қазір мұнда 15 мың тонна натрий цианиді өндіріледі. Екінші кезеңі іске асқан жағдайда кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 30 мың тонна натрий цианидін құрамақ. Жоба аясында 500 уақытша және 300 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«KazChemTraiding» ЖШС Сарысу ауданында цемент зауытын салуды жоспарлап отыр. Қуаттылығы – жылына 200 мың тонна. Сондай-ақ, «Shymkent Solar Park» ЖШС ЖЭК бойынша жобасы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі кәсіпкерлік, энергетика және ТКШ, жер қатынастары, табиғи ресурстар басқармаларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бірқатар басқарма басшыларының өткен кеңестер барысында таныстырылған жобалардың іске асырылу барысы туралы есебін тыңдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.