Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа төраға тағайындалды

0 144

2022 жылдың 5 қаңтарында Тараз қаласы № 2 сотының жаңа төрағасын ресми түрде тағайындау рәсімі өткізілді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Аталған рәсімге Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Тараз қаласы прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ, Тараз қаласы №2 сотының судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Махаматович Абидов Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Респубикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 29 желтоқсан 2021 жылғы №720 санды Жарлығымен Тараз қаласы №2 сотының төраға лауазымына Ербол Мизанұлы Дүйсенбаевтың тағайындалғанын ресми түрде жария етті.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М. Абидов пен Тараз қалалық №2 сотының судьялары тағайындалған төрағаны құттықтап, сот төрелігін күшейтуде және жоғарғы жетістіктерге жетуде табыстар тіледі.

Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.