Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа аялдамалар – шаһар шырайы

0 278

Қазіргі таңда Тараз қаласында жол құрылысы мен қоғамдық көліктерді жаңартуға айрықша ден қойылып келеді. Әсіресе шалғай алқаптардың жағдайы – басты назарда. Әрине, тақтайдай тегіс жол мен соңғы үлгідегі автобустар тұрғындардың жайлы тұрмысына оң септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде нақты орны белгіленген, ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті көбейтуде. Қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында бұған да баса мән берілген.

Соған орай, 2023 жылы шаһар аумағына 36 дана аялдама орнату үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған еді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде, «RusStroy» ЖШС-мен 21, «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнату үшін келісімшарт жасалды. Сондай-ақ «Жасыл ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта қалпына келтірілді.
Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, «DarynKazStroyGroup» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде, биылға жоспарланған 75 аялдаманың 45-і толық орнатылса, 21 аялдаманың бордюрі қойылып, негіздемесі дайындалды. Ал қалған 9 аялдаманы қою үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылысқа 3 бригада жұмылдырылған.

Айнура СЕЙДІЛДАЕВА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.