Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүк тасымалдау жобасы қолдау тапты

0 373

Тараздық Горде Петр Алексеевич 2021 жылы «Горде» ЖК тіркеп, авто көлікпен жүк тасымалдаумен айналыса бастады. Клиенттері – Жамбыл облысының тұрғындары, сондай-ақ сауда-саттықпен айналысатын және тауар жеткізуді қажет ететін компаниялар.

Жүк тасымалы – жер шарының кез-келген мемлекеті үшін өте маңызды қызмет саласы. Өйткені жүк тасымалдау қызметінсіз қандай да бір мәміле жасау сирек кездеседі. Бизнесте осы бағыттың болашағы бар екенін білген соң, біздің кейіпкеріміз мемлекеттік бағдарлама көмегімен осы салада өз кәсібін дамытуда.

2021 жылы Петр Алексеевич жүк көлігін сатып алуды жоспарлады. Қаржы алу мақсатында ол толық кеңес алу үшін Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына жүгінді. Менеджерден толық кеңес алып, құжаттарын жинайды және «Сбербанкке» өтінім береді. Банк өтінімді мақұлдап несие береді. «Даму» Қоры осы несиеге кепіл бола отырып пайыздық мөлшерлесін «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ішінара субсидиялады.

Қаражат алғаннан кейін кәсіпкер тіркемесі бар жүк көлігін сатып алды. Петр Алексеевич қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, өз бизнесін «Даму» Қорымен бірге одан әрі дамытуды көздеп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.