Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзен жағасынан гранаталар табылды

0 454

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында бірнеше граната табылды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 9-да сағат 17:40-та Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаменті Жедел басқару орталығынан хабар түскен. Онда 1974 жылғы ер адамның Аршалы ауданы Арнасай ауылы маңында балық аулап жүргенінде гранатаға ұқсас затты көргені айтылған.

«Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің маңын тексеру кезінде Арнасай ауылынан 700 метр қашықтықтан атылған әскери емес 3 граната және 1 дыбыс немесе түтін шығаратын гранатаның сыртқы корпусы табылды. Табылған заттарды тексеріп, көруге Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері тартылды», – деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, осыған байланысты материалдар Аршалы аудандық полиция бөлімінің мәліметтерді тіркеу кітабына енгізілді.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.