Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зеленский «Қырымды қайтаруға» уәде берді

0 261

Амстердамның апелляциялық соты Қырымнан келген «скиф алтыны» Украинаға тиесілі және Киевке берілуі керек деп шешті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz cайтына  сілтеме жасап.

«Амстердам апелляциялық сотында көптен күткен жеңіс. Скиф алтыны Украинаға оралады. Әділ шешім үшін сотқа ризамын. Біз әрқашан өзіміздікін қайтарамыз. Алдымен скиф алтынын, содан кейін Қырымды қайтарамыз», – деп жазды Владимир Зеленский.

Сот шешіміне сәйкес Нидерландыда ұсталған коллекция Украинаға берілуі керек.

Айта кететіні, Қырымның Ресейге кіруі туралы референдумнан кейін Украина коллекцияға қатысты өз құқықтарын жариялаған болатын.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.