Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үздіктер жетті жеңіске!

0 172

Аймақта соңғы жылдары аула ойындары қайта жанданып, бұқаралық сипатқа ие болып отыр.

Толғанай АТАБАЙ

Қала, аудан, облыс деңгейінде ұйымдастырылатын топтық тартыстың шешуші сыны «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. Салауатты өмір салтын ұстанған жамбылдықтар аталмыш спорт сарайына көптеп жиылды. Облыстық шараға өңірдегі 10 аудан мен Тараз қаласынан бас-аяғы 600 спортшы қатысты. Сайыс бағдарламасына қалашық, ләңгі сияқты ұмыт қалып бара жатқан ойын түрлері енгізілген. Сондай-ақ асық ату мен қашпа доп, секірмек те бар. Бұған дейін екі іріктеу кезеңі аудандар мен шалғай ауылдарда өткен болатын. Жалпы тұрғындардың қызығушылығы жыл санап артып келеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бастама қоғамдық сананы жаңғыртып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінген. Төртінші мәрте облыста жалауын көтерген тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Байзақ ауданының әуесқой спортшылары үздік шығып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал жүлделі ІІ орын Шу ауданының өрендерінің еншісіне жазылса, Сарысу ауданының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ бұл күні «алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойынының облыстық іріктеу кезеңі де өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесіне сай командалық есепте Шу ауданынан келген құрама жеңімпаз атанды. Ал жуалылық спортшылар жүлделі ІІ орынды иеленсе, Тараз құрамасы ІІІ орын биігінен табылды. Топтық тартыста жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға бағалы сыйлықтармен қатар, диплом және Алғыс хаттар табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.