Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үздік ауыл кітапханашысы анықталды

0 87

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ауыл кітапханашылары арасында «Жыл маманы – 2022» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен шара заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтауға бағытталды.

Кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық техноголиялар мен әдістерін енгізі мақсатында ұйымдастырылған байқауға 35 жасқа дейінгі үміткерлер қатысты.
Байқау шартына сәйкес қатысушылар үздік таныстырылым, шығармашылық ізденіс, тренинг номинациялары бойынша өзара бақ сынады. Тартысты сайыс нәтижесінде бас жүлде және «Үздік кітапханашы» статусын Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гүлзат Жүнісбекова иеленді. Ал жүлделі І орын Жуалы ауданы Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Аймағанбетоваға, ІІ орын Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық кітапханасының меңгерушісі Аяулым Досаеваға,  ІІІ орын Талас аудандық орталық кітапханасының библиографы Айнұр Амангелдіге бұйырды. Байқау қатысушыларының барлығына диплом, сертификаттермен қатар бағалы сыйлықтар да табысталды.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.