Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сметов-қола жүлдегер

0 1  127

Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты басталған болатын. Жерлесіміз Елдос Сметов әлем чемпионатының 60 келі салмақта қола жүлдегері атанды.

Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуде әзербайжандық Карахам Хусейновтан, екінші айналымда израиль өкілі Матан Кокалаевтан айласын асырды, ширек финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйге есе жіберді.

Қола жүлде үшін белдесуде жарыс қожайыны Дилшотбек Баратовтан басым түсті. Айта кетейік, 8-ші қазан күні 73 келіде әулиеаталық Данияр Шамшаев Ташкент татамиінде ел намысын қорғамақ.

Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.