Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өз аяғыммен кірген түрмеден табытпен шығатындаймын»: Бердах Бекетов Президенттен араша болуды сұрайды

0 1  378
"Өз аяғыммен кірген түрмеден табытпен шығатындаймын": Бердах Бекетов Президенттен араша болуды сұрайды “Qoslike” бағдарламасымен танылған Бердімұрат-Бердах Бекетов қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін тұтқындалған болатын.

Кінәсі жоқ екенін айтқан Бердах Бекетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, өзінің еш кінәсі жоқ екенін хат ретінде жазды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бекетовтың әпкесі Перизат Бекеттің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен ҚР азаматы Бекетов Б. Д әрбір ҚР азаматының тағдыры сіздің қолыңызда, өйткені сіз ҚР Конститутциясының гранты болып табыласыз. Сол үшін сізге хат жазуға бел будым.

Мен қазақтың қарапайым қара баласымын, елімнің елдігін ойлаған. Түрмеде отырғаныма 40 күн болды. Бірақ мені ақтайтын бірде-бір дәлел қосып жатқан жоқ. Түрмеге түскеннен соң, денсаулығымнан айрылдым. Бүйрегіме суық тиіп, қозғалуым баяулап жатыр. 20-шы күнім түрмеде өліммен арпалысу болды, аяқ асты құлап, есімнен танып тілімді жоғалттым бір жұма. Кеше, яғни 01.03.2022 күні тағы есімнен танып қалдым. Өз аяғыммен кірген түрмеден табытпен шығатындаймын. Сіз менің бар екенімді де білмейтін шығарсыз. Бірақ, қара қазақпен иыққа иық тигізіп жүрген ұлмын.

Иә мен алаңға шықтым, бірақ ашық тұрған дүкенді тонамадым, жерде жатқан қаруды алмадым, әскерді сабағаным жоқ. Алаңға шыққан себебім, елге басу айту, жамандықтан сақтау болды. Алаңғы шықты екен деп қамап тастасаңыз, мен әлі көре алмаған баламның тағдыры не болмақ? Халық сұраса Хан соңғы түйесін сояды дейді. Мен халықтың бір баласымын. Бостандық беріңіз… «, – деп Бердах Бекетов хатта Президенттен араша сұраған.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.