Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қызылдихан» тәтті түбір жинауға кірісті

0 218

Қара күз түскенде шаруалар көктемнің кезінде жерге орналастырған қант қызылшасын жинай бастайды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жалпы Жамбыл ауданы бойынша 700 гектарға тәтті түбір орналастырылғанын айтады аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаев.

100 гектар қант қызылшасына соқа салып, техникаларды жұмылдырған Нуритдин Бегманов басшылық ететін«Қызылдихан» өндірістік кооперативінің мерейі үстем.
Алынған өнімде жоғары. Әр гектардан 600 центнерден өнім алуда.

Бұл туралы Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Асылбек Қонаров:
– Кооператив қант қызылшасының 50 гектарын тамшылатып, 50 гектарын жаңбырлатып суарады.
Бүгінде егістікте 5 трактор, 3 өнім артатын техника, 10 тасымалдаушы жүк көліктері мен 15 жұмысшы тынымсыз еңбек етуде. Жуық күндері егістіктегі қарбаласта аяқталады, – дейді ол.

Кооператив төрағасы Нуритдин Бегманов жұмысқа ауыл азаматтарының тартылғанын жеткізді.

– Балтамыр егуді бірнеше жылдан бері жалғастырып келемін. Бұрын арық-атызбен суаратын болсақ, кейінгі кездері су үнемдеу технологиясының игілігін көріп жатырмыз. Қызылша – өнімнің ең кеш пісетіні ғой. Күздің салқынымен жинау науқанына кірістік. Еңбекке ауыл тұрғындары тартылған,-дейді. Н.Бегманов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.