Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыз үшін төбелескен: Пышақ жарақатын алған алматылық ауыр халде жатыр

0 378

Алматыда бойжеткенге көмекке барған ер адам көптеген жарақат алып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жігіт туысы азаматтың жанайқайын Instagram-пабликтердің бірінде жариялады.

«Қазанның 7-нен 8-не қараған түні Айдарға түн ішінде таныс бойжеткен хабарласып, алып кетуін сұраған. Мекенжай бойынша жеткенде танысы жігітімен сөзге келіп қалғаны белгілі болды. Екі жігіт арасында жанжал туындап, Айдарға бірнеше жерден пышақ сұқты. Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Аса ауыр хәлде жатыр. Тыныс алуы қиын, сөйлей алмайды. Мұны видеодан көруге болады», – деді зардап шеккен жігіттің туысы.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккен жігітті кінәлі етуге тырысып жатыр. Тәртіп сақшылары куәгер жауаптарын өзгертуді талап етіп отыр. Операция жасалғанына 4 күн ғана болса да, ауруханадан шығармақ көрінеді.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

«Бұл факт Наурызбай ауданы полиция басқармасында тіркелді. Аудандық басқарма қызметкерлері тергеу жүргізеді. Тергеу барысы бақылауға алынды», – деп жазды ол жазба астындағы пікірде.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.