Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-қа үндеу жасады

0 3  073

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлем бейбітшілігін нығайту үшін екі ел тату болуы керек деп АҚШ-ты ынтымақтастық пен байланысты кеңейтуге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымы-ге сілтеме жасап.

«Дүниежүзіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін екі ел бір-бірімен тіл табысудың жолдарын табуы керек. Бүгінгі күні бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылғаны бәрімізге аян. Сондықтан АҚШ пен Қытай бірге халықаралық тұрақтылыққа ықпал етуі керек», – делінген Қытай басшысының жолдауында.

Си Цзиньпиннің айтуынша, «Екі әлемдік держава – Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту жаһандық тұрақтылықты сақтауға және бүкіл әлемде бейбітшілік пен ілгері дамуға жол ашады».

ҚХР төрағасы оның елі «екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беретін жолдарды іздеуде өзара құрмет пен бейбіт қатар жүрген жағдайда АҚШ-пен ынтымақтасуға» дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас қазіргі уақытта Тайваньның мәртебесі мен Ресейдің Украинаға қарсы соғысына деген әртүрлі көзқарастарына байланысты шиеленіскені мәлім. Бейжіңнің наразылығына қарамастан АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси мен америкалық конгрессмендер тобының Тайваньға жасаған сапарлары шиеленісті одан ары өршітті.

Сондай-ақ, Қытай Тайваньды бүлікшіл провинция деп санайды және қажет болған жағдайда оны күшпен бақылауға алатынын бірнеше рет ескерткен. АҚШ Тайваньның тәуелсіздігін ресми түрде мойындамайды, бірақ қол ұшын беруден аянбайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.