Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай ғарышты қоқыстан тазаламақ

0 211

Қытай «Shijian-21» арнайы жерсерігін орбитаға шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz cайтына сілтеме жасап.

«Shijian-21» жерсерігі 24 қазан күні Бейжің уақытымен таңғы 9:27-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды.

Жерсерік орбитадағы ғарыш қоқыстарын, ескі зымырандар мен аппарат қалдықтарын жинаумен айналысады. Сондай-ақ Жер маңындағы ғарыш қоқыстарының пайда болуын тоқтату технологияларын тестілеу үшін пайдаланылатын болады.

Роскосмостың мәлімдеуінше, жер орбитасында жалпы массасы 7 000 тоннадан асатын ғарыш қоқыстары бар. Түрлі мәліметтерге сүйенсек ғарышта 13 000-нан астам дене қозғалыста. Оның шамамен 7%-ы ғарыш аппараттары. Ал қалғаны орбитаға жайылған қоқыстар көрінеді.

Айта кететіні, бұл ұшыру Long March сериялы зымыран тасығыштарының 393-ші миссиясы болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.