Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай ғалымдары коронавирустың тағы бір түрі пайда болғанын мәлімдеді

0 611

 Қытай ғалымдары бұған дейін Оңтүстік Африкада табылған NeoCoV коронавирусының адамдар әлеміне қауіп төндіру мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Жарияланым bioRxiv сайтында орналасқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Вирустардың осы тобының таралу жағдайларын олардың адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып мұқият бақылау керек», – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, адам денесімен өзара әрекеттесу үшін вирус белгілі бір мутацияны қажет етеді, ал қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Дегенмен, ғалымдар NeoCoV табиғатының көп тұстары жұмбақ болып қала беретінін атап өтті.

Зерттеуді әлді де сарапшылар тексеруі керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.