Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ысырапшылдық»: Павлодарда жаңа жылды тойлауға бөлінген қаржы тұрғындар сынына ұшырады

0 318

Павлодарда  биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат  жұмсалмақ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған.  Бұған қаланы түрлі  диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған. Шаһар әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет  конкурс жариялап үлгерген.

 «Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге  58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады.  Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн 600 мың теңге бөлінді», – дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

 Ал тұрғындар   мұны қомақты қаржыны босқа шашу деп санайды.  Мемлекет   қаржысын ысырап еткенше, оны пайдалы шаруаға жұмсамай ма дейді.

«Ысырапшылдықтың бір түрі. Осы ақшаға көп пайда келтіруге болады халыққа». «80 миллион деген көп ақша. Оданда коронавируспен ауырып жатқан балаларға көмектескен артық». «Трамвай жақсы жүргенмен автобустардың саны аз ғой. Сол себепті автобустың санын көбейтуге болады. Қыс кезінде халыққа өте пайдалы. Автобус жылдам келсе, аялдамада көп тұрмайсың өте жақсы болушы еді» дейді тұрғындар блиц-сауалнама кезінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.