Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғызстан мен Өзбекстанның бірқатар қаласы электр қуатынсыз қалды

0 134

Қырғызстан мен Өзбекстан қалалары да электр қуатынсыз қалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

АКИpress агенттігі мәліметніше, 25 қаңтарда түске таман Бішкекте электр қуаты үзілген.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар электр жарығы жоқ әр түрлі өңірлерді жазып жатыр.

Сондай-ақ, Ош қаласында да электр қуаты үзілген. Қырғызстанның бірқатар өңірінде электр жарығы өшіп жатқаны туралы ақпарат бар. Осылайша, Шу өңірі – Жайыл және Мәскеу аудандарының, Тоқмок қаласында, сондай-ақ Ыстықкөл облысының бір бөлігінің тұрғындары электр қуаты жоқтығын жазып жатыр.

Gazeta.uz сайтының мәліметінше, Ташкент пен Өзбекстанның кейбір басқа қалаларында сейсенбіде сағат 11:00 шамасында электр жарығы сөнген. Өзбекстанның энергетика жүйесінде ірі апат болғаны айтылды. Елорда тұрғындары сорғылардың тоқтап қалуынан су қысымының төмендегенін айтып отыр. Ұялы байланыс әлі жұмыс істейді.

Sputnik Өзбекстан мәліметінше, елорданың барлық ауданында, Гүлістан, Қарши, Самарқанд, Бұхара, Қоқан, Шыршық қалаларында жаппай электр қуаты үзілген. Басылым Ташкент метросының да жұмысы тоқтатқанын хабарлады. Жолдардағы қозғалысты жол полициясының қызметкерлері реттейді – бағдаршам жұмыс істемейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.