Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғыз азаматы Мәскеуде қоқыс жәшігінен 2,5 мың доллар тауып алды

0 263

Мәскеуде аула сыпырушы қоқыс контейнерінен қомақты ақша тауып алды. Алайда ер адам олжаны полицияға тапсырды деп хабарлады turkystan.kz «Москва24» сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Медведково ауданында қызықты оқиға болды. Осы ауданда аула сыпырушы болып жұмыс істейтін қырғыз азаматы қоқыс жәшіктерінен металл іздеп жүріп, ақша тауып алған.

Ақша шұлық және жаңбыр өткізбейтін шекпен салынған шүберек пакетте болған. Оның бірінде 100 доллардан 10 купюра, 5 мың рубльдік 15 купюра, мың рубльден 5 купюра және тағы 50 рубль болған.

Қаражат иесін өз бетімен табу мүмкін болмағандықтан, ер адам полицияға хабарласқан. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары тексеру ұйымдастырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.