Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Татулық пен тыныштықты ту еткен еліміз үшін бұл мерекенің маңызы зор, тағылымы терең. «Бірлік – береке бастауы» демекші, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мол, келешегі кемел болатыны сөзсіз.
Тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне қоныс аударған сан алуан этнос өкілдері бүгінде ортақ Отанымыз – Қазақстанның ажырамас бөлігіне айналды. Ұлы дала елінің осы қонақжайлылығы мен тұрақтылығы күллі әлемге үлгі десек, артық емес. Қазіргі таңда Әулиеата жерінде де түрлі этнос өкілдері тату-тәтті тұрмыс кешіп, бейбітшілік бесігінде тербелуде. Олардың әрқайсысының көне шаһарымыздың дамуына қосып жатқан үлесі қомақты. Соның нәтижесінде бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған қаламыз тотыдай таранып, күн санап көркейіп келеді.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді осынау айшықты мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Шаңырақтарыңызға шаттық, босағаларыңызға бақыт ұяласын! Бір шаңырақ астында бір мақсатты көздеген қала тұрғындарының береке-бірлігі әрдайым арта берсін!
Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі