Жыл басынан бері облыста 1115 қылмыстық іс қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 дерекке артық.

Толғанай АТАБАЙ

Осылайша, қылмыстық істерді қарайтын судьялардың жүктемесі 4,4-тен 5,3-ке өскен. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында облыстық азаматтық және қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағалары осылай мәлімдеді. Биылғы жартыжылдықтың көрсеткіші бойынша өңірде қылмыс дерегі артып отыр. Мәселен, жаңа жылдан бері 866 іс қаралса, оның 722-сіне үкім шығарылған. Түрлі негіздер бойынша 162 іс қысқартылса, 76 қылмыстық іс прокуратураға жолданған. Сондай-ақ медиаторлар арқылы қос тарапты татуластыру бойынша сотқа дейін 113 қылмыстық іс тоқтатылған.
– Есепті кезеңде облыс соттары 17 адамды ақтап алды, алдыңғы жылы 33 адам ақталған еді, бұл соның тең жартысы. Жеке айыптаудың 15 ісі және мемлекеттік айыптаудың 2 ісі бойынша ақтау үкімі шығарылған. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 33 ақтау үкімінің 32-сі жеке айыптау болса, біреуі аса ауыр қылмыс түрі еді, – дейді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 12 336 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде 7433-і шешім шығарумен, 35 іс апелляциялық тәртіп бойынша жойылса, 81 шешім өзгертілген. Сонымен қатар 2 шешім кассациялық тәртіппен өзгертілсе, 732 өтініш қараусыз қалдырылған. Бұдан өзге, баспасөз жиынында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сандық деректеріне тоқталып өтсе, БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судья Ғалым Құлекеев атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған