Қалалық қоғамдық-саяси газет

VII шақырылым депутаты есеп берді

0 2  732

Жуырда «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Сенім» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Басқосуда Тараз қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты Серік Жетібаев атқарған жұмысының есебін берді.

Есепті жиында халық қалаулысы партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021-2022 жылдарға белгіленген көрсеткіштерінің орындалу барысы және депутат ретінде атқарған жұмыстары туралы қорытынды баяндама жасады. Өз сөзінде ол Жол картасының әр басымдығы бойынша 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштердің орындалуына тоқталды.
– 2021 жылы 1,6 миллиард теңгеге 26 көшенің 56,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол картасының көрсеткіші артығымен орындалды. Тұрғындардың қала ішінде жүріп-тұруларына қолайлы жағдай жасау мақсатында автобус парктері жаңа 42 автобуспен толықты. Қоғамдық көліктердегі билеттендіру толықтай электронды жүйеге көшіріліп, әлеуметтік маңызы бар маршруттарға 780 миллион теңге көлемінде субсидия бөлінді. «Ұлы Дала» мөлтекауданында 29 көпқабатты тұрғын үйден 2 125 және жеке инвес- торлар есебінен 124 пәтер пайдалануға берілді, – деді Серік Дүйсенәліұлы.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар тарапынан көрсеткіштердің орындалуына байланысты және қаладағы жол, ауыз су, тазалық мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар көтеріліп, заңнама аясында жауап берілді.
Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына бастауыш партия ұйымы тарапынан делегаттар сайланды.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.