Қалалық қоғамдық-саяси газет

Университет оқытушыларының жалақысы 400 мың теңгеге дейін көбейтілді

0 434

ҚР БҒМ-ге қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйек айынан бастап өсті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

БҒМ мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушыға кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорға – 260 мың теңге, профессорға – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңгені) беріледі.

Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне ең төменгі мөлшердегі жалақыны белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ, бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы үшін 680 сағаттан аспайтын болады, яғни оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысу үшін көбірек мүмкіндігі мен уақытының көбеюіне арналған», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.