Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украиналық әнші «Қазақстан дауысы» жобасында қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)

0 1  034

«Qazaqstan дауысы» жобасында биыл әртүрлі елдерден келген өнерпаздар бақ сынауда. Өткен сенбіде Украинадан келген 22 жастағы Виктория Булеева қазақша ән шырқап, тәлімгерлерді тәнті етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Виктория Қазақстанға алғаш келіп тұрғанын және қазақ елінің мәдениетін құрметтейтінін айтты. Ол көрмей тыңдау кезеңінде «Bring me to life» атты туындыны шырқап, үш тәлімгерді өзіне қаратты. Кейін қосымша Сәкен Майғазиевтің репертуарындағы «Асыл ана» әнін орындады.

Киев қаласынан келген Виктория Булееваның дауыс диапазоны 4 октаваны құрайды. Тәлімгерлер оның талантына тәнті болып, таңдай қақты. Оған Маржан Арапбаевадан басқа тәлімгерлердің үшеуі бұрылды. Ал Виктория Майра Мұхаммедқызын таңдады.

Айта кетсек, жобаның өткен бөлімінде Грузиядан келген Татия Коболадзе Маржан Арапбаеваның тобына, ал қырғызстандық Нұржігіт Сыбанқұлов Әлемнің тобына өтті. Бұдан бөлек, жобада Өзбекстан, Қытай елінен келген өнерпаздар бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.