Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тыл ардагері Нұрмахан Шаухаровтың шаңырағына арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтады.
Шаһар басшысы өз сөзінде ардагерлерді ұлықтау баршаға ортақ парыз екенін жеткізді.
Ардагер де өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.
