Қалалық қоғамдық-саяси газет

Туризмді дамыту – тарихымызды таныту

0 1  627

Президент бізге туристік әлеуетті тарту міндетін қойды. Біздің аймақтың ерекшеліктерінің бірі – ЮНЕСКО тізіміне енген көптеген тарихи орындары бар бай табиғат. Туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев туризмді дамыту және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мақсатымен қолға алынған жобаларға кеңінен тоқталып өтті.

– Өткен жылы Тараз қаласы әлемдік қолөнер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның тұңғыш қолөнер қаласы мәртебесіне ие болды. Туризм саласында 2026 жылға дейін 9,8 млрд.теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ағымдағы жылы 3 туристік орталық ашылды.

«Тірі сабақтар», «Көктем мақтанышы – қызғалдақ» фестивалі, «City bus» және «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық көрмесі аясында 45 экскурсиялық тур ұйымдастырылды.

Біздің барлық жұмысымыздың нәтижесі Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мен бастамаларының сапалы орындалуы, атап айтқанда, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының нақты жақсаруы болуға тиіс, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.