Қалалық қоғамдық-саяси газет

Цой: Коронавирус жұқтыру дерегі 35 пайызға төмендеді

0 875

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вирус жұқтыру дерегі азайғанын айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Алексей Цой Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді. Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

«ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді», – деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті. Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.