Қалалық қоғамдық-саяси газет

Цифрландыру – кемел келешек кепілі

0 985

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуға айрықша басымдық берілді.

«Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз. Осы және басқа да міндеттер мемлекеттік секторды толығымен «цифрлық қайта жүктеуді» талап етеді. Мұндағы бұрыннан келе жатқан басты түйткіл – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілмеуі. Бұл мәселе түбегейлі әрі тезірек шешімін табуы керек. Біріншіден, «Электронды үкіметтің» мүлде жаңа құрылымын жасау керек. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек қана қазақстандық мемтехтың жаңа платформасына негізделеді. Бұл платформа қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жояды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады. Екіншіден, біз мемлекеттік органдардың бизнес-үдерісін түгел қайта қарап, цифрлық форматқа көшіретін Цифрлық трансформация орталығын ашамыз», – деген Мемлекет басшысы цифрландыру бағытындағы нақты міндеттерді айқындап берді. Бүгінде бұл бағытта бірқатар мемлекеттік мекемелер қарқынды жұмыс атқаруда, барлық цифрланған құжаттар «Электронды үкімет» порталының жеке кабинетінде және eGov Mobail қосымшасында қол жетімді. Негізгі мақсат айқын, ол халықтың цифрлық сауаттылғын арттыру болып табылады, алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекемелер өзара ықпалдасу жүйесіне өтіп, құжаттарды цифрландыратын болса халыққа тиімді және жеңіл болар еді.

Еркін Жапаров,
ХҚК бойынша №2 бөлім басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.