Қалалық қоғамдық-саяси газет

Той кортежінде түтін қолданған жүргізушіге айыппұл салынды (видео)

0 688

Таразда той кортежі кезінде түтін пайдаланған жүргізуші ұсталды. Жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынды.

Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде қала көшелерінің бірінен автокөліктің қатты дауысы мен түтін шығып жатқанын байқайды.

Тез арада оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жолда жүру ережесін біле тұра бұзып жатқан бір топ жас жігітті көреді.

Көлік иесінің айтуынша, ол қыдыруға шыққан той кортежіне сән беріп, қонақтардың көңіл күйін көтергісі келген.

Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-тармағымен, 593-бабы 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.