Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқтаңыз, теміржол!

0 265

Теміржол вокзалының аумағында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» атты акция ұйымдастырылды.

Иә, теміржол – қауіпті аймақ. Жыл сайын теміржол бойында пойыздардың адамдарды басып кетуі бойынша жүзден астам оқиға орын алады екен. Зардап шеккендердің төрттен бірі ғана тірі қалатын көрінеді.
– Қазіргі уақытта бізде 15-19 қараша аралығында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясының төртінші кезеңі өтуде. Акцияның мақсаты – Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында, теміржол жарақаттарының алдын алу. Аталған іс-шара барысында волонтер, блогер және медицина мен білім беру қызметкерлерімен бірлесіп осы шараны атқарып отырмыз. Бұл шара барысында осы теміржолға жақын орналасқан тұрғындар, білім ордалары және теміржол мекемелерінің жұмысшыларымен кездесіп, қауіпсіздік шараларын өткіздік. Облыс тұрғындарына айтарым, теміржолдан өткенде сақ болыңыздар! – дейді Көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Мақсат Дүйсенбеков.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.