Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаевтың туыстары басшы бола алмайды – басқа шенеуніктерге осы тыйым неге енгізілмейді

0 489

Президенттің туыстарына алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруына тыйым салынғалы жатыр. Алайда министрлерден бастап мемлекеттік органдардың «бірінші басшыларына» да осы тәртіпті енгізген дұрыс па? Бұл сұрақ бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа қойылды.

Сенаттың бүгінгі кулуарында Мәулен Әшімбаевке журналистер осындай сұрақ қойды. Президент Жолдауында осындай мәлімдеме жасаған. Алайда кейінгі кезде Қазақстандағы «бірінші» басшылардың кейбір туыстары бәрібір басшылық қызметке келіп жатыр. Мәселен, жақында ғана Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың інісі Ғазиз Қошанов «ҚазТрансОйл» компаниясының басқарма мүшесі атанған.

«Бұл мәселе Конституциялық реформалар аясында қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға, министрлерге немесе әкімдерге болсын, мәселені қарау керек шығар. Бірақ мұның бәрі қандай формада болатынын әлі айту қиын. Конституцияға өзгерістерді алдымен енгізейік. Өздеріңіз білетіндей, қазір бұл бағытта арнайы жұмыс тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Содан кейін біз басқа мәселелерді қосып, бәрін қарастырамыз. Нақты қалай формада болатынын заңдарды талқылаған кезде ақылдасайық. Содан кейін сіздерге ақпарат беретін боламыз», — деп сырғытпа жауап берді Мәулен Әшімбаев.

ulysmedia.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.