Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев: Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ

0 2  276

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Жұртпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

«Көрікті мекеннен есімі ел тарихына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз шыққан. Бұл – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған Наурызбай, Райымбек батырлардың дүниеге келген жері. Бұл – Сүйінбай мен Жамбылдай ақындардың елі.

Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Бердібек Соқпақбаев бастаған төл мәдениетіміздің біртуар тұлғалары да – осы өңірдің перзенттері. Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ.

Биыл менің шешіміммен елімізде бірнеше облыс қайта құрылғанын білесіздер. Жетісу жерінде дербес екі аймақ пайда болды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қапшағайдың жағасына көшірілді. Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және халықтың ортақ қалауы деуге болады.

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласы енді тың қарқынмен дамитын болады. Бұрынғы Алматы облысын екіге бөлу – аймақтағы ахуалды терең зерделеп, мұқият ойластыра отырып қабылданған шешім», – деді Президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.