Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тілсіз жаудан келер қауіп көп

0 119

Бүгінгі таңда орын алуы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында ТЖБ қызметкерлерімен кешенді алдын алу шаралары жүргізіледі.

Құрғақ шөп пен қоқыс өртенген кезде оттың жақын орналасқан тұрғын үйлерге, жанар-жағармай құю станцияларына, мұнай базаларына, құрылысқа, ғимараттарға таралу мүмкіндігі артып, өмір үшін қауіп төндіріп, материалдық шығын келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын құрғақ және ыстық ауа райын ескере отырып:
– қураған шөптерге темекі қалдықтарын тастамауға;
– құрғақ өсімдіктердің жанында от жақпауға;
– от тұтанып кету қаупі бар сынған шынылар мен бос құтыларды қалдырмауға шақырады.
Ауыр зардаптар орын алған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.