Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теміржол – аса қауіпті аймақ, абай болыңыз!

0 464

Теміржол қашаннан аса қауіпті аймақ болып саналады. Себебі мыңдаған тонна жүк тиеп алып жүйткіп келе жатқан пойыздың алдында болу ешкімге де жақсылық әкелмейді.

Теміржолда бөгде адамдармен жарақаттану жағдайларының болуына себеп: олардың теміржолда қауіпсіздік ережелерін білмеуі, сақтамауы, асығыс жүріп, арнайы аспалы көпірді пайдаланбауы және балалардың бұзақылық істерге барып ойын ойнауы. Ойынға берілген жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі, әлеуметтік желілерге арналған селфи мен түрлі бейнелерді түсіру кезінде жарақат алған жағдайлар да болды.
Жас жігіттер мен бойжеткендердің әуендерді жақсы көргені сонша, теміржолдан кесіп өтіп жатса да, құлағынан плеер, құлаққаптарын шешпегендіктен, жақындап қалған пойыз дыбысын және локомотивтің гуілін естімейді.
Сондықтан теміржолдан уақытты қысқартып, өзіңе ыңғайлы жерден өтуге болмайды. Жарақаттануды болдырмау үшін, ең бастысы, теміржолды арнайы белгіленген орындардан өту керек. Теміржолдан аспалы көпірлер арқылы ғана қауіпсіз өтуге болады. Аспалы көпір жоқ жерлерде азаматтар теміржолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдалануға болады. Адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Сондықтан теміржолдың қауіпті аймақ екенін ұмытпайық, өз өмірімізді қадірлейік, ағайын!
Теміржолшылар теміржол жоғары қауіптің көзі екенін еске салады және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

М.Қолдасов,
Тараз станциясының бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.