Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамағандар айыппұл арқалайды

0 2  138

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған болатын. Ал, биылғы ақпан мен наурыз аралығында тазалыққа салғырт қараған 259 тұрғын анықталды. Оның ішінде 204 үй иесіне ескерту берілсе, 42 адам айыппұл арқалады.

Шілде айының 12-сінен тамыздың 18-іне дейінгі аралықта тазалық сақтамаған 223 үй иесі анықталып, оның ішінде 187 үйге ескерту берілді. 36 үй егесіне айыппұл салынды.

Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.