Қалалық қоғамдық-саяси газет

Татулық пен келісімнің іргетасы

0 21

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында барлық сала қамтылған.

Толғанай АТАБАЙ

Саяси құжатта: «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!» – делінген болатын. Ұлт бірлігін арттырудың маңызы айрықша аталған Жолдауды Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері де қолдайды.

– Президенттің шағын бизнесті салықтан 2-3 жылға босату туралы тапсырмасы маған ерекше әсер қалдырды. Бұл қарапайым азаматтар үшін үлкен көмек, демеу болары сөзсіз. Біз басқа дамыған елдерден білеміз, шағын кәсіпкерлік – үлкен саланың дамуының негізгі тетігі. Жолдау бағдарламалық құжат ретінде мемлекеттің келесі жылға арналған жол қартасы болып танылған. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы болғандықтан, қоғам өмірінің негізі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-рухани салалардағы өзекті мәселелерді толығымен қамтып отыр. Қоғамда қордаланып қалған бұл мәселелер жөніндегі алғашқы бастамалар мен міндеттер Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен ұлықтау рәсіміндегі он басым бағытында көрсетілген болатын, – дейді «Днепро» украин этномәдени орталығының жетекшісі Федор Клименко.

Президент өз Жолдауында қоғам мен ел үшін ең маңызды мәселелерге тоқталып, оларды шешудің жолдарын ұсынды. Мәселен, қоғам педофилия мен зорлық-зомбылыққа қарсы қатаңдатылған жаза мен алға қойылған міндеттерден оң өзгерістер күтеді. Зейнетақы қорындағы қаражатты тұрғын үйге негізгі салым ретінде пайдалану мүмкіндігі. Нақ осы тармақты облыстық Ассамблея құрылымы қос қолдап қуаттады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.