Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тарихқа тағзым

0 482

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Суретті түсірген Ю.КИМ

Дәл осы күні жамбылдықтар репрессиядан жапа шеккендерге қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ел егемендігі үшін күрескен ұлт зиялыларын еске алды. Шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Зұлмат жылдарда қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, нәубетті жылдар тарихынан сыр шертілді.

– Тәуелсіздік үшін алаштың арда ұлдары солақай саясаттың құрбаны болды. Аяусыз зорлық-зомбылық көрді. Сол бір зұлмат уақытта біздің елімізге де мыңдаған өзге ұлт өкілдері жер аударылды. Қазақ жұртшылығы барлығына құшақ жайып, бір үзім нанды бөлісіп жеді. Біз олардың есімін ұмытпай, әрдайым ұлықтауымыз қажет, – деді тарихшы Ермекбай Серікбаев.

Қасіретті жылдары еліміз 103 мың адамынан айырылып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Алғашқы лек «Алаш» қозғалысының өкілдеріне тиесілі болды. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды алаш арыстары бар еді. Тәуелсіздік жолындағы сол бабалар күресін кейінгі ұрпақ әрдайым пір тұтады. Ұлт пен ұлыстың болашағы деп саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ерлігі мәңгілік ел жадында. Иә, қасіретке толы жылдар тарих беттерінен ешқашан өшірілмейтіні, ұмытылмайтыны сөзсіз.

Анар Матчанова,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.