Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздың сәулетін объективке сыйдырған

0 384

Таразда қала әкімінің қолдауымен «Түрленген Тараз» республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті.
Шаһардың көз тартатын сұлулығын объективке сыйдырған кіл шеберлер байқауға «Үздік мобилограф», «Үздік дрон түсіруші», «Үздік фотограф» бағыты бойынша 15 номинацияда дайындаған материалдарын жолдаған. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті. Жалпы байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 қатысушы оза шауып, әр номинация бойынша үздік атанды. Олардың әрқайсысы күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео материалдар арқылы барынша әсерлі көрсете білген. Сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін облыстық «ARAI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, Дулат Шиқпанбетов, Азат Байтемиров, Бақытбек Суанбеков сынды сала мамандары Қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.