Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздың мөлтекаудандары самаладай жарқырап тұр

0 651
Жарқыраған көше жанға жылу сыйлап қана қоймай, тұрғындар қауіпсіздігіне қорған болады. Бұған дейін ықшамаудандағы үйлердің аулалары қараңғылық құшағында болып келгені жасырын емес. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ықшамаудандарды аралау барысында осыған баса назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеген еді. Соған байланысты ағымдағы жылы қалалық бюджеттен Тараз қаласындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11 ықшамаудан мен «Қарасу» алқабындағы аулалар мен кіре беріс жолдарын жарықтандыру қолға алынды.
Аталған жұмыстар 5 лотқа бөлініп, жалпы мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Инвест Капитал Строи» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.
Бүгінгі таңда 10 ықшамаудан мен «Қарасу» алқабындағы 353 көпқабатты үйлердің ауласы (1847 подъезд), 79 кіре беріс жолдарына жалпы саны 2 342 дана көше шамы мен 270 дана 6 метрлік темір бағана қойылды. Қазір мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің аулалары самаладай жарқырап тұр.
Осы ретте, ықшамаудандардағы түнгі жарық шамдарына тұтынылған электр энергиясының құнына жұмсалатын қаржы қалалық бюджеттен қарастырылғанын айта кетейік. Сондықтан бұл бойынша тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.
Жалпы, көне шаһарда көшелерді жарықтандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Айталық, 2023 жылы қаладағы 83 көшеге түнгі жарық шам орнатылса, 2024 жылы 76 көшені жарықтандыру жоспарлануда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.