Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда жас ғалымдардың республикалық конференциясы өтті

0 575

Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Жамбыл политехникалық жоғары колледжімен бірлесе отырып Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев: Ұлы сарынның сарқыты» тақырыбында жас ғалымдар арасында республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Мақсаты –Жетісу дүлдүлінің дара болмысын айшықтау әрі өлеңдеріндегі ұлттық патриоттылықты насихаттау. Жамбылдың жыр жауһарын тізбектей келе, дәуір туғызған ұлы тұлға табиғатын, ақындық мектебін тану.

Конференцияға облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жас ғалымдар онлайн қатысса,Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Тараз қаласы мен аудандардан оффлайн қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Жүсіпов Шахназар Бақытұлы модераторлық жасады.

Пленарлық отырыста Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Өзбеков Ахметжан Орынбасарұлы кіріспе сөз алып: «Біз Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы адамдарды мақтан тұтуымыз тиіс. Олардың есімдері тарихта жоғалмай, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек» деген сөздеріне сүйене отырып, жыр алыбының тұлғасын, шығармашылығын жастар арасында ұлықтамақ ниеттеміз.Сіздерден ғылыми-зерттеу саласындағы сапалы, құнды мақалалар күтеміз», – деп конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 жалпы бiлiм беретiн мектебiнiң мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Булекбаева Қаламқас Махтумқұлықызы «Жамбыл Жабаев шығармаларының әлем әдебиетінде зерттелуі», Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Қарқын Аяулым Қарқынқызы «Әлем әдебиеті және Жамбыл», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Мырзахметова Мақпал Төленқызы «Жамбыл Жабаевтың ұлт руханиятындағы орны», Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалiмi Сабеков Сұлтанбек Арнабайұлы «Жамбыл шығармашылығының патриоттық жəне тəрбиелiк мəнi» тақырыптарында баяндама жасап, Жамбылтанудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияның секциялық жұмыстары «Ж.Жабаев шығармашылығының әлем әдебиеті үрдісіндегі алатын орны», «Жүз жыл жырлаған жүрек иесінің асыл арналары»тақырыптары бойынша өтіп, онлайн жұмыстардаЖамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары Жұмаділова Ұлбике Алтынбекқызы, тарих пәнінің оқытушысы Оразымбетова Әсия Бақытжанқызы модераторлық етіп, жастардың жұмысын бағалады.

Ал, оффлайн форматта өткен бірінші секциялық жұмыстардың нәтижесінде І орынды Булекбаева Қаламқас (Маңғыстау облысы), Қарқын Аяулым (Шығыс Қазақстан облысы), ІІ орынды Толымханова Ажар, Ғинаятова Зарина (Шығыс Қазақстан облысы), ІІІ орынды Ақашева Мөлдір (Шығыс Қазақстан облысы), Елубай Елнұр (Жамбыл облысы), Үшкемпір Көркем (Жамбыл облысы), екінші секциялық жұмыстардың нәтижесіндеІ орынды Бектаева Еңлік (Қызылорда облысы), Әбділдаева Назым (Жамбыл облысы),ІІ орынды Алдаберген Аяжан (Жамбылоблысы), Саңғылбаева Балауса (Қызылорда облысы), Есеналы Жанерке (Жамбыл облысы), Жанболат Қарақат (Жамбыл облысы), ІІІ орынды Зарлыхан Мақпал (Жамбыл облысы), Куншашов Нұрислам (Жамбылоблысы), Елубай Аружан (Жамбыл облысы), Ибадулла Айғаным (Қызылорда облысы), Мади Нұрайым (Жамбыл облысы), Каналбай Мөлдір (Жамбыл облысы), Махамбетұлы Шахнар (Жамбыл облысы), Тулендиева Аяулым (Жамбыл облысы)иеленді.

Конференция қатысушысы Қ.Булекбаева:«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы Жамбылға «Адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді.Қазақ халқының біртуар перзенті, тұтас түркі жұртына ортақ рухани тұлға Жамбыл Жабаевтың мерейтойына арналған конференцияғылым жолындағы жастардың тың ізденістеріне арқау болып, өзара тәжірибе алмасуымызға септігін тигізді», – өз әсерімен бөлісті.

Жалпы конференцияға 150-ден астам жұмыс келіп түсті, олардың ішінде 80 жас ғылыми мақаласын қорғады.

Ал ZOOM платформасы арқылы жұмысын қорғаған жастардың көптігіне байланысты қорытындысы алдағы уақытта шығарылатын болады.

Жас ғалымдардың дұрыс рәсімделген мақалалары жинақ болып шығарылады. Барлық қатысушыға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласын қорғаған жас ғалымдарға жүлделі орындар тағайындалып, дипломмен марапатталады. Сонымен қатар, үздік ғылыми мақала жетекшілеріне алғысхат беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.